24
февраль
2019
ЕНТ туралы
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Күшін жойған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 184 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 мамырда № 6984 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 Бұйрығымен
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.12.05 № 506 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - нұсқаулық) бекітілсін.
2. Ұлттық тестілеу орталығы (Қ.С. Әбдиев):
1) ұлттық бірыңғай тестілеудің нұсқаулығын жоғары оқу орындарының және облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін;
2) ұлттық бірыңғай тестілеу нұсқаулығының орындалуын қамтамасыз етсін.
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 11 мамырдағы
№ 184 бұйрығымен
бекітілген
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ЕНТ) ұйымдастыру және өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:
1) ЕНТ өткізу пунктінің базасын қалыптастыру;
2) «Бітірушілер» деректер базасын қалыптастыру;
3) тестілеу өткізуге дайындық;
4) тестілеуді өткізу;
5) апелляция өткізу;
6) сертификаттарды басу және тарату;
7) жұмыс бойынша есеп дайындау.
2. Осы нұсқаулық ЕНТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша төменде аталғандардың іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды:
1) Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);
2) мемлекеттік комиссияның;
3) ҰТО филиалының (ЕНТ-ны өткізу орталығының) жетекшісінің (бұдан әрі – ЕНТ-ны өткізу пунктінің жетекшісі);
4) ҰТО филиалының (ЕНТ-ны өткізу орталығының) инженерінің (бұдан әрі – ЕНТ-ны өткізу пунктінің инженері);
5) мектеп бойынша жауаптының (бұдан әрі – техникалық хатшы);
6) Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілінің (бұдан әрі – Министрлік өкілі);
7) Білім және ғылым министрлігінің программисінің (бұдан әрі - Министрлік программисі);
8) апелляциялық комиссияның төрағасының;
9) аудитория бойынша кезекшінің (бұдан әрі – кезекші);
10) ағымдағы жылғы мектеп бітірушілердің (бұдан әрі - бітірушілер).
3. ЕНТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылдың 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітіліген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5191 нөмірімен тіркелген, 2008 жылдың 30 мамырында «Заң газеті» газетінің № 81 (1481) нөмірінде жарияланған) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесін» (бұдан әрі - Ереже), осы Нұсқаулықты және Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2. ЕНТ-ны ұйымдастыру және өткізу
4. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың: Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің (бұдан әрі - ҰҚКД), ҰТО, ЕНТ-ны өткізу пунктінің (бұдан әрі – ЕНТӨП) жетекшісі мен инженері, Министрлік өкілдері мен программистері, апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің (бұдан әрі - жергілікті білім беру органының), мемлекеттік комиссияның бірлесе отырып атқаратын жұмыстарын қарастырады.
5. Министрлік ҰТО-мен бірлесе отырып, Министрлік өкілдері мен мемлекеттік комиссия мүшелеріне ЕНТ өткізу технологиясы бойынша оқыту семинарларын өткізеді.
6. ҰТО тестілеуге енгізілген өзгерістерге сәйкес келесі автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) бейімдеп, әзірлейді және оны электрондық тасымалдағыш немесе телекоммуникациялық желі арқылы ЕНТӨП-ке жібереді:
«ЕНТӨП базасы» АЖО-сы аудиториялық қорлар және олардың жабдықталуы, 11 сыныптардағы оқушылар саны, ЕНТӨП-ке тіркелген оқу орындары, ЕНТӨП-ке дейінгі арақашықтық, бітірушілерді ЕНТӨП-ке тасымалдау тәсілі, мектептерді лектер бойынша бөлу жөніндегі мәліметтерді қамтиды;
«Бітіруші» АЖО-сы ЕНТ-ға қатысуға тілек білдірген мектеп бітірушілер туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), білім беру ұйымы туралы, оқыту тілі, жеке басын куәландыратын құжатының деректері) жинақтау үшін қызмет етеді;
«Сертификат» АЖО-сы ЕНТ нәтижесі туралы сертификаттарды, бітірушінің аты-жөнін, пән бойынша жинаған балдарын және сертификаттың сериясы мен нөмірін көрсете отырып, ресімдеу үшін қызмет етеді;
«Сканерді тексеру» АЖО-сы сканердің жұмыс істеуін тексеру мақсатында жауап парағының сынама түрін сканерлеу;
«Министрлік программисі» АЖО-сы тестілеу нәтижелерін өңдеу; апелляцияға өтініштерді және олардың шешімін енгізу; емтихан ведомостарын (апелляция қорытындысын есепке алмаған және алынған кездегі) шығару үшін қызмет етеді.
7. ЕНТӨП-те «ЕНТӨП базасы» АЖО-сын орнату және толтыру жүзеге асырылады.
8. «ЕНТӨП базасы» АЖО-сында құрылған мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.
9. ЕНТӨП-те «Бітіруші» АЖО-сы орнатылады және ЕНТ өткізу пунктінің жетекшісімен тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
10. Техникалық хатшы бітірушілерден өтініштерді қабылдауды жүзеге асырып, толтырылған бланкілерді сканерлеу үшін ЕНТӨП-ке жеткізуді қамтамасыз етеді.
11. Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер ЕНТ-ға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2007 жылдың 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 нөмірімен тіркелген) үлгідегі бланкіде өтініш береді.
12. ЕНТӨП-те «Бітіруші» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Тестілеуге қатысу өтініші» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкілері) сканерлеу жүргізіледі.
13. ЕНТӨП инженері ЕНТӨП бойынша тестілеуге өтініштерді қабылдау барысы жөнінде статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы күн сайын сағат 17.00-ге дейін ҰТО-ға жіберуді жүзеге асырады. ҰТО-да тестілеуге өтініштерді қабылдаудың республика бойынша статистикалық мәліметтері құрылады.
14. Ережеде белгіленген мерзімде ЕНТӨП-те «Бітіруші» АЖО мен осы нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес өтініштерді тіркеу журналын жабу жұмысын жүргізеді.
15. ДБ жабылғаннан кейін, бітірушілерді аудиториялар бойынша бөлу жұмысы жүргізіледі және осы нұсқаулықтың 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепте ресімделіп, бітірушілерге берілетін емтиханға кіру рұқсаттамалары мен рұқсаттамаларды тарату тізілімі басылып шығарылады.
16. Ережеде белгіленген мерзімде тестілеуге қатысушылардың барлығымен бірлесе отырып ЕНТ өткізіледі.
17. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеу нәтижелерін өңдеу жүргізіледі және осы нұсқаулықтың 4, 5-қосымшаларына сәйкес дұрыс жауаптар коды мен ЕНТ-ның емтихан ведомостарын ілу жүзеге асырылады.
18. Апелляцияға өтініштерді қабылдау тестілеу нәтижесі хабарланғаннан кейін келесі күнгі жергілікті уақытпен сағат 13.00-ге дейін қабылданады және бір күн бойы қарастырылады.
19. Апелляция аяқталғаннан кейін осы нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес апелляцияны есепке алғандағы ЕНТ-ның емтихан ведомосы беріледі.
20. ЕНТ өту кезеңінде ҰТО-ға мәліметтерді күн сайын телекоммуникациялық желі арқылы жіберу жүзеге асырылады.
21. ЕНТ-ның қорытындысы бойынша осы нұсқаулықтың 40 тарауына сәйкес сертификаттар дайындау және беру жүзеге асырылады.
22. Министрлік өкілдері атқарылған жұмыстары жөнінде осы нұсқаулықтың 7, 8-қосымшаларына сәйкес нұсқада есептерін қағаз және электронды тасымалдағышта ҰТО-ға тапсырады.
3. ҰТО функциясы
23. ЕНТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:
1) ЕНТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде ЕНТӨП жетекшісі мен инженерлерін оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
2) «ЕНТӨП базасы» АЖО-сын қалыптастыру үшін ЕНТӨП жетекшісі мен инженерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
3) «ЕНТӨП базасы» АЖО-сын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастыру;
4) телекоммуникациялық желі арқылы «ЕНТӨП базасы» деректерін жинау.
24. «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру кезеңінде:
1) «Бітіруші» ДБ қалыптастыру үшін ЕНТӨП-терді мынадай құжаттармен қамтамасыз ету:
өтініш бланкілері;
орта мектептер, кәсіптік мектептер (лицейлер) және колледждер; ұлттар; азаматтық; облыстар мен аудандар анықтамалықтары (бұдан әрі – анықтамалық құжаттар);
2) «Бітіруші» АЖО-сын әзірлеу, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастыру;
3) ЕНТӨП-те өтініштер бланкілерін сканерлеу процесін бақылау;
4) ЕНТ-ға қатысатын бітірушілердің саны туралы күнделікті статистикалық деректерді жинау және қалыптастыру;
5) «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастыру;
6) бітірушілерді аудитория бойынша бөлуді ұйымдастыру;
7) ЕНТ-ға қатысатын бітірушілердің саны туралы қорытынды статистикалық деректерді жинау және қалыптастыру.
25. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңінде:
1) Министрлік өкілдері мен программистерінің, апелляциялық комиссия төрағаларының ДБ-сын жасау;
2) Министрлікпен бірлесе отырып, ЕНТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссия төрағаларын оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
3) емтихан материалдарын дайындап, ЕНТӨП-ке жіберу;
4) Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссияның төрағаларын нормативтік құқықтық актілермен, сертификаттармен және «Министрлік программисі», «Сертификат», «Сканерді тексеру» АЖО-ларының бағдарламаларымен қамтамасыз ету;
5) Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссияның төрағаларын ЕНТӨП-ке жіберу.
26. Тестілеуді өткізу кезеңінде:
1) ЕНТ-ның өтуін бақылау;
2) нұсқалар файлы мен дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы ЕНТӨП-ке жіберу;
3) дұрыс жауаптар кодын ашуға арналған парольдарды беру;
4) телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алмағандағы статистикалық деректерді жинау.
27. Апелляция өткізу кезеңінде:
1) Республикалық апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Республикалық комиссия) жұмысы үшін жағдай жасау;
2) телекоммуникациялық желі арқылы апелляциялық комиссиядан республикалық комиссияға өтініштерді қабылдау;
3) телекоммуникациялық желі арқылы республикалық комиссияның шешімдерін ЕНТӨП-ке жіберу;
4) телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алғандағы статистикалық деректерді жинау.
28. Сертификатты басып шығару және беру кезеңінде:
1) «Сертификат» АЖО-сы бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;
2) телекоммуникациялық желі арқылы ЕНТӨП-тен қорытынды файлды алу.
29. ЕНТ қорытындысы бойынша Министрлік өкілдерінің есептерін жинап, талдау жасау.
4. Мемлекеттік комиссияның функциялары
30. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:
1) жергілікті білім басқармасы ұйымдары және мектептермен бірлесіп бітірушілерді ЕНТӨП-ке жеткізу, оларды орналастыру және тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
ЕНТӨП-тен 50 км қашықтықта тұратын мектеп бітірушілер тестілеуден бір күн бұрын тасымалданады. ЕНТӨП-тен 50 км-ден жақын жерде тұратын мектеп бітірушілер тестілеу болатын күні, сағат таңғы 07.00-ден бастап, 60 км/сағ жылдамдықпен тасымалданады;
2) жұртшылық арасында ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу;
3) тестілеу пәндерінің құрамына кірмейтін пән мамандарынан құралған кезекшілер тізімін дайындау, оны ҰҚКД-мен келісу және жергілікті білім басқармасы органдарымен бекіту;
4) санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, аудиторияларды тестілеу өткізуге дайындау;
5) Министрлік өкілдері мен апелляциялық комиссияның жұмысы үшін арнайы жұмыс орнын дайындау;
6) тестілеу кезеңіне қызмет ететін медициналық қызметкерлердің жұмысы үшін арнайы жұмыс орны мен ата-аналардың күту орындарын дайындау;
7) кезекшілерге нұсқама өткізу;
8) апелляциялық комиссия құрамын анықтау және бекіту;
9) Министрлік программисінің сканерді тексеріп, есеп жасауын қадағалау.
31. Тестілеу өткізу кезеңінде:
1) ЕНТ өткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастыру;
2) электрқуатының және телекоммуникациялық желінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) кезекшілердің қатысуын қамтамасыз ету;
4) металліздегіш құрылғыларын қолдана отырып, бітірушілерді тестілеуге тексеріп кіргізуді қамтамасыз ету;
5) ұялы байланыс желісін сөндіргіш құралдарды қолдануды қамтамасыз ету;
6) емтихан материалдары салынған қаптарды ашу кезінде Министрлік өкіліне көмектесу;
7) бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін) және өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедек бітірушілерге (мүгедектер арбасын пайдаланатын) жеке бөлме бөлуді ұйымдастыру;
8) Министрлік өкілімен бірлесе отырып, осы нұсқаулықтың 22 тарауына сәйкес, бітірушілерді аудиторияға қосымша отырғызу туралы шешім қабылдау;
9) тестілеуге кіргізу барысында бітірушілерді аудиторияларға дейін жеткізу;
10) Министрлік өкілімен бірге тестілеу нәтижелерін өңдеу;
11) дұрыс жауаптар коды мен емтихан ведомосын жұртшылық назарына ілу.
32. Апелляция өткізу кезеңінде:
1) апелляциялық комиссия жұмысы үшін жағдай жасау;
2) апелляция өткізу кезеңінде бітірушілер мен олардың ата-аналарына жағдай жасау;
3) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын жұртшылық назарына ілу.
33. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңі:
1) Министрлік өкілдері мен жергілікті білім басқармасы органдарымен бірлесіп, сертификаттарды ресімдеу;
2) сертификаттар мен осы нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес сертификаттарды тарату тізілімін беруді ұйымдастыру.
5. ЕНТӨП жетекшісінің функциялары
34. ЕНТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:
1) ЕНТӨП-тің техникалық жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2) ЕНТӨП базасын құру жөніндегі жұмыстарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;
3) ЕНТӨП базасын қалыптастыру жөніндегі ақпараттарды енгізуді бақылау;
4) жергілікті білім басқармасының ұйымдарымен және ҰТО-мен аудиториялық қорды, тестілеуді өткізу кестесін жоспарлау және келісу;
5) «ЕНТӨП базасы» деректерін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.
35. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:
1) «Бітіруші» базасын қалыптастыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;
2) техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу;
3) техникалық хатшыларды нормативтік құқықтық актілермен, анықтамалық құжаттармен, өтініш бланкілерімен және тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету;
4) ақпараттық тақталарды дайындау;
5) өтініш бланкілерін сканерлеуді және базаға өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;
6) техникалық хатшыға осы нұсқаулықтың 2, 10-қосымшаларына сәйкес тіркеу туралы анықтамаларды және рұқсаттамаларды беруді ұйымдастыру;
7) «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастыру;
8) бітірушілерді аудитория бойынша бөлуді ұйымдастыру.
36. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:
1) әрбір лекке сәйкес аудиториялар бойынша папкалар дайындау. Папкалар бітірушілерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастыруда қолданылады. Папкада: осы аудиторияға бөлінген бітірушілердің осы нұсқаулықтың 2, 11-қосымшаларына сәйкес рұқсаттама түбіртектері мен аудиториялық тізімі болады;
2) Мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып, аудиторияларды тестілеуге дайындау. Әрбір аудитория аудиториялық қор бойынша осы нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес нөмірленеді (01,02,03, …..). Дәліздерде аудиторияға бағыттау белгілері қойылады. Аудиториядағы отырғызу орындары аудиториялық қорда көрсетілген схема бойынша осы нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес нөмірленеді;
3) техникалық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
4) осы нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес мектеп бітірушілердің деректеріне өзгерістер енгізу журналын Министрлік программисіне беру.
37. Тестілеуді өткізу кезеңінде:
1) бітірушілерді жинап және аудиторияларға бөліп кіргізуге арналған сыртқы есіктің алдындағы тәртіпті қадағалау және бақылау;
2) бітірушілерді аудиторияларға кіргізуді ұйымдастыру;
3) статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.
38. Сертификатты басып шығару және тарату кезеңінде:
1) сертификаттарды басуды ұйымдастыру;
2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін Министрлік өкілінен осы нұсқаулықтың 15-қосымшасына сәйкес акт бойынша қабылдау;
3) сертификаттарды және сертификаттарды тарату тізілімін осы нұсқаулықтың 16-қосымшасына сәйкес техникалық хатшыларға беру;
4) мектептің техникалық хатшысынан бітірушілердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін қабылдау.
39. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңінде:
1) Министрлік өкілінен емтихан материалдарын қабылдау және ҰТО-ның нұсқауына дейін сақтау;
2) ЕНТ-ны ұйымдастыру мен өткізу жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша телекоммуникациялық желі арқылы және қағаздағы слабовидящихмен ҰТО-ға есеп беру.
6. ЕНТӨП инженерінің функциялары
40. ЕНТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:
1) техникалық жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) ЕНТӨП базасын қалыптастыру жұмыстары үшін бағдарламаны орнату;
3) ақпараттарды «ЕНТӨП базасы» АЖО-сына енгізу;
4) ЕНТӨП базасына өзгерістер енгізу;
5) «ЕНТӨП базасы» деректерін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.
41. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:
1) «Бітіруші» ДБ қалыптастыруға арналған бағдарламаны орнату;
2) ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы нормативтік құқықтық актілерді, анықтамалық құжаттарды алады және техникалық хатшылар үшін дайындау;
3) тіркеу журналын басып шығару және тарату;
4) өтініш бланкілерін сканерден өткізу;
5) техникалық хатшыға осы нұсқаулықтың 10, 17, 18, 19-қосымшаларына сәйкес қажетті нысандарды басып шығару және тарату;
6) «Бітіруші» ДБ жабу;
7) аудиториялар бойынша бітірушілерді бөлу;
8) рұқсаттамаларды басып шығару;
9) өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтерді күн сайын ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу;
10) «Бітіруші» ДБ сақталуын қамтамасыз ету және Министрлік программисіне тапсыру.
42. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:
1) техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) бітірушілердің мәліметтерін өзгерту журналын Министрлік программисіне беру;
3) талап етілген ақпараттарды телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу.
43. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңінде:
сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастыру.
44. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңінде:
ЕНТ-ны ұйымдастыру және өткізу барысында атқарылған жұмыстары бойынша ҰТО-ға есеп беру.
7. Техникалық хатшының функциялары
45. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:
1) ЕНТӨП-те өтініштерді қабылдау, өтініштер бланкісін толтыру және өтініштерді тіркеу журналын жүргізу бойынша дайындықтан өту;
2) ЕНТӨП-тен нормативтік құқықтық актілерді, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын алу;
3) бітірушілерге өтініш бланкісін, жауап парағын толтыру және ЕНТ-ның өткізілу барысы бойынша және Ереженің 47, 48-тармақтары бойынша, сонымен қатар апелляцияға өтініштер беру және апелляцияның өту барысы бойынша сабақтар жүргізу;
4) бітірушілердің өтініш бланкісін дұрыс толтыруын қамтамасыз ету;
5) бітірушілерді өтініштерді тіркеу журналында тіркеу;
6) өтініш бланкілерін сканерден өткізу үшін ЕНТӨП-ке жеткізу;
7) осы нұсқаулықтың 10, 17, 18, 19-қосымшаларына сәйкес басылып шығарылған нысандарды алу;
2) бітірушілерге тіркелгендігі туралы анықтамаларды тарату;
3) ДБ-ға өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;
4) ДБ жағдайын бақылау;
5) өтініштерді тіркеу журналын жабу;
6) рұқсаттамаларды ресімдеу және оларды бітірушілерге беру;
7) ресімделген рұқсаттаманың түбіртектерін ЕНТӨП жетекшісіне беру.
46. Тестілеуді өткізу кезеңінде:
1) бітірушілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету;
2) бітірушілерді көлікпен тасымалдау кезінде техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталуын және олардың ЕНТӨП-те орналасқан уақытында тәртіп сақтауын қамтамасыз ету.
47. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңінде:
1) сертификаттар, сертификаттарды тарату тізілімі мен емтихан ведомосын ЕНТӨП жетекшісінен осы нұсқаулықтың 16-қосымшасына сәйкес акт бойынша қабылдау;
2) бітірушілерге сертификаттарды беруді ұйымдастыру;
3) бітірушілердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін ЕНТӨП жетекшісіне беру.
8. Министрлік өкілінің функциялары
48. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:
1) ҰТО-дан осы нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес акт бойынша сертификаттарды және мемлекеттік комиссия төрағасының конвертке салынып, бекітілген паролін алу және ЕНТӨП-ке жеткізу;
2) Министрлік өкілі:
Министрлік өкілі мен программисінің жұмыс орындарының дайындығын;
осы нұсқаулықтың 21-қосымшасына сәйкес әрбір лек бойынша ЕНТӨП-тің өтініш журналын;
аудиториялардың емтиханға дайындығын;
техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын;
аудиториялар бойынша бекітілген кезекшілердің тізімін және олардың жеке іс парағын;
апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін;
бітірушілерді тасымалдау, орналастыру, тамақтандыру және тестілеу кестесін;
ЕНТӨП орналасқан жоғары оқу орнының (бұдан әрі – ЖОО) немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен расталған осы нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес акт жасай отырып, тестілеу өткізуге дейінгі аудиторияларды тексереді.
3) ғимараттың емтихан өткізуге дайындығын осы нұсқаулықтың 12 және 13-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тексеру;
4) емтихан материалдарының жеткендігін білу мақсатында ҰҚКД-мен байланысу;
5) Министрлік программисінің сканерді тексеріп, осы нұсқаулықтың 23-қосымшасына сәйкес есебін жасауын қадағалайды. Есеп ЕНТӨП орналасқан ЖОО-ның немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен расталады;
6) емтихан қарсаңында әрбір аудитория үшін осы нұсқаулықтың 24-қосымшасына сәйкес отырғызу парағын шығарып, сейфке сақтап қою;
7) кезекшілермен нұсқама өткізу және оларды аудитория бойынша бөлу. Кезекшілерді ауыстырған жағдайда жаңа кезекшілердің бұрын тізімге енгізілгендерін және кезекшілік нұсқаулығымен таныс екендіктеріне көз жеткізу;
8) қажетті құжаттамаларды тексеру (кезекшілердің, мемлекеттік комиссия мүшелерінің, апелляциялық комиссия мүшелерінің бекітілген тізімін, рұқсаттамалардың түбіртектерімен бірге аудиториялық тізімді, нормативтік құқықтық актілерді);
9) тестілеуді өткізуге қажетті бағдарламаларды орнатуды бақылау.
49. Тестілеуді өткізу кезеңінде:
1) тестілеу процесін бақылау және басқару;
2) ҰҚКД өкілінен қораптарда әрбір аудиторияларға арналған емтихан материалдары салынып, ҰТО-да пломбыланған арнайы қапшықтарды алу;
3) кезекшілерді аудитория бойынша бөлу;
4) тестілеу кезінде бақылаушы ретінде қатысатын ата-аналар құрамын анықтау және аудиторияларда жақын туысқандары отырмауын ескере отырып, оларды аудиториялар бойынша бөлу;
5) мемлекеттік комиссия мүшелері және кезекшілердің қатысуымен қаптарды ашу. Қаптарды ашар алдында Министрлік өкілі пломбының бүтіндігін және қаптардағы нөмірленген пломбыны ҰТО берген тізіммен салыстырады. Егер пломбы бүтін болмаса немесе пломбының нөмірі сәйкес келмеген жағдайда, ол туралы ҰҚКД өкіліне және ҰТО-ға хабарлау;
6) аудитория бойынша кезекшілерге:
рұқсаттама түбіртектері, аудитория тізімі салынған аудитория папкасын беру;
отырғызу парағын беру;
мөрленіп жабылған қораптағы емтихан материалдарын осы нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес акт бойынша беру. Әрбір мөр басылған қорапта жауап парақтары салынған конверт, сұрақ-кітапшалары, жауап парақтарының көшірмелері және емтихан материалдарын ашу туралы акт болады;
7) мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін) және өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүгедектерге (мүгедектер арбасын пайдаланатын) жеке бөлме бөлу және кезекшілер тағайындау;
8) мемлекеттік комиссия төрағасымен бірлесе отырып, бітірушілерді қосымша отырғызу туралы шешім қабылдау;
9) емтиханның басталу уақытын бақылау. Емтиханның басталуы - жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9.00;
10) бітірушілердің дұрыс отырғызылуын және бітірушілерге сұрақ-кітапшаларының дұрыс таратылуын бақылау;
11) жауап парағын толтыру ережесінің дұрыс түсіндірілуін бақылау;
12) бітірушілердің жауап парағындағы қызметтік секторларды дұрыс толтыруын бақылау;
13) емтихан басталған соң 20-25 минуттан кейін емтихан тапсыру тілі бойынша аудиториялардағы бітірушілердің нақты саны туралы мәліметтер жинауды ұйымдастыру. Артық сұрақ-кітапшасы жинап алынады және сейфке салынады. Жауап парақтары емтихан аяқталғанға дейін аудиториядан шығарылмайды. Емтихан басталғандығы туралы хабарланғаннан кейін кешігіп келген бітірушілер емтиханға жіберілмейді;
14) бітірушіден тыйым салынған заттар табылған және аудиторияда тәртіп бұзған жағдайда, Ереженің 2 қосымшасына сәйкес акт жасай отырып, бітірушіні аудиториядан шығару туралы шешім қабылдау;
15) мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып, штаттан тыс жағдайлар (бітірушіде емтиханға кіру рұқсаттамасының немесе жеке куәлігінің болмауы, тестілеуге өтініш беру кезінде тестілеу тілінің дұрыс көрсетілмеуі, белгілі бір себептерге байланысты тестілеу күнін ауыстыру, тестілеуге бөтен тұлғаның кіруі, мүдделі тұлғалар жағынан бітірушіге көмек көрсету, мүдделі тұлғалар жағынан қысым көрсету) бойынша шешімдер қабылдайды;
16) тестілеу аяқталғаннан кейін кезекшілерден әрбір аудитория бойынша емтихан материалдарын осы нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес акт бойынша қабылдау;
17) тестілеу нәтижелерін өңдеуді ұйымдастыру;
18) дұрыс жауаптар кодын ашуды ұйымдастыру;
19) дұрыс жауаптар кодын ашу және оны көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру;
20) ЕНТ-ның емтихан ведомостарын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.
50. Апелляцияны өткізу кезеңінде:
1) осы нұсқаулықтың 26, 27-қосымшаларына сәйкес апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру;
2) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін қажетті емтихан материалдарымен қамтамасыз ету;
3) апелляция нәтижесін ДБ-ға енгізуді бақылау;
4) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.
51. Cертификаттарды басып шығару кезеңінде:
1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастыру;
2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін ЕНТӨП жетекшісіне беру.
52. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңінде:
қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындау және ҰТО-ға тапсыру.
9. Министрлік программисінің функциялары
53. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңдері:
1) ҰТО-да «Министрлік программисі», «Сертификат» АЖО-ларымен жұмыс жасау бойынша дайындықтан өту;
2) тестілеуді өткізуді қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны ҰТО-дан электрондық тасымалдағышта алу;
3) ЕНТӨП-те жұмысқа арнайы бөлінген техникалық құралдарды дайындау;
4) сканер және басқа да техникалардың дайындығын тексеру;
5) сканерді тексеру үшін бақылауға арналған жауап парақтарын сканерден өткізу;
6) тестілеуді өткізуді қамтамасыз ететін бағдарламаны орнату. Бұл бағдарлама «Бітіруші» АЖО-сы қондырылған компьютерге орналастырылады;
7) ЕНТӨП-тің ерекшелігіне қарай қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны орнату;
8) ЕНТӨП инженерінен «Бітіруші» ДБ қабылдау;
9) өзгерту журналы бойынша ДБ-ға түзетулер енгізу;
10) «Бітіруші» ДБ жабу;
11) лектің отырғызу парағын басып шығару (тестілеу болатын күннен бір күн бұрын кешкісін). Отырғызу парағы отыру орнының нөмірі бойынша реттелген. Бітіруші орнының нөмірі отырғызу парағын шығару кезде кездейсоқ анықталады. Бұл рәсім тек қана 1 рет орындалады. Отырғызу парағын басып шығару үшін ҰТО-дан пароль алынады;
12) Министрлік өкілдері үшін қажетті актілерді, яғни осы нұсқаулықтың 25, 28-қосымшаларына сәйкес актілерін басып шығару;
13) осы нұсқаулықтың 21, 11, 26, 27, 29, 30-қосымшаларына сәйкес қажетті нысандарды басып шығару.
54. Тестілеуді өткізу кезеңінде2:
1) сканерлеу үшін нұсқалар файлын қабылдап алу;
2) жауап парақтарын сканерден өткізу үшін Министрлік өкілінен қабылдап алу;
3) тестілеу нәтижелерін өңдеу;
4) дұрыс жауаптар кодын ашу және басып шығару;
5) емтихан ведомостарын басып шығару;
6) ЕНТ-ның статистикалық деректерін күн сайын және талап етілген ақпаратты телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отыру.
55. Апелляцияны өткізу кезеңінде:
1) апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу;
2) апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізу;
3) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын басып шығару.
56. Сертификаттарды басып шығару кезеңінде:
1) сертификаттарды басуға арналған бағдарламаны орнату;
2) сертификаттар файлын қалыптастыру;
3) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығару;
4) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін Министрлік өкіліне беру.
57. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңінде:
1) қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындау және ҰТО-ға тапсыру;
2) қорытынды мәліметтерді ҰТО-ға жіберу.
_______________________________________
2Тестілеу кезінде апелляциялық комиссия төрағасы Министрлік өкіліне тестілеу үрдісін бақылауға көмектеседі
10. Апелляциялық комиссия төрағасының функциялары
58. Апелляцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша ҰТО-да дайындықтан өту3.
59. Апелляцияны өткізу процесі жөнінде апелляциялық комиссия мүшелеріне нұсқаулық өткізу.
60. Бітірушілерден апелляцияға өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру.
61. Апелляцияға өтініш берген бітірушілердің емтихан материалдарын Министрлік өкілінен алу.
62. Апелляция өтініштерін ДБ-ға енгізу үшін Министрлік өкіліне тапсыру.
63. Апелляция процесін бақылау және басқару.
64. Апелляция бойынша шешім қабылдау.
65. Апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру.
66. Апелляция аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын Министрлік өкіліне беру.
67. Апелляция өту барысы бойынша есеп дайындау.
__________________________________
3Тестілеу кезінде Министрлік програмисі Министрлік өкіліне тестілеу үрдісін бақылауға көмектеседі
11. Аудитория бойынша кезекшілердің функциялары
68. Тестілеу басталардың алдында аудиторияның нөмірленуін, аудиториядағы орындардың дұрыс нөмірленгендігін, олардың осы аудиторияның отырғызу тізіміндегі бітірушілер санына сәйкестігін және тақта мен бордың болуын тексеру. Кемшіліктер байқалған жағдайда Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия төрағасын хабардар ету.
69. Министрлік өкілінен емтихан материалдарын алу.
70. Бітірушілерді осы нұсқаулықтың 21-тарауына сәйкес аудиторияға кіргізеді және оларды отырғызу парағына сәйкес отырғызу.
71. Бітірушілерге Ережені 47, 48-тармақтарына сәйкес түсініктеме беру.
72. Осы нұсқаулықтың 23-тарауына сәйкес емтихан материалдарының қорабын ашуды ұйымдастыру.
73. Осы нұсқаулықтың 24, 25-тарауларына сәйкес емтихан материалдарын тарату және толтыру ережелерін түсіндіру.
74. Аудиторияда тәртіп сақтау ережесінің сақталуын бақылау.
75. Осы нұсқаулықтың 26-тарауы бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру.
12. ЕНТӨП базасын құру
76. ЕНТӨП базасын қалыптастыру мынадай тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) ҰТО-дан «ЕНТӨП базасы» АЖО-сы электрондық тасымалдағышта ЕНТӨП-ке жіберіледі;
2) ЕНТӨП-те «ЕНТӨП базасы» АЖО-сы құрылу және қажетті ақпараттарды енгізу (аудиториялық қор, оқу орындары, тестілеу кестесі, оқушылар саны, лектер бойынша бөлу) қамтамасыз етіледі;
3) соңғы мәліметтердің ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберіледі.
77. ЕНТӨП жетекшісі ағымдағы жылғы бітірушілер санына байланысты аудиториялық қорды жоспарлайды және оны ЕНТӨП орналасқан жоғары оқу орнының басшысымен немесе жергілікті білім беру ұйымымен келіседі. Жоспарлау кезінде мынадай талаптарды ескереді:
1) аудиториялар бір ғимараттың ішінде болуы;
2) қазақ тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін және орыс тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін аудиториялар тіл мәртебесі бойынша бөлінеді;
3) әрбір лектегі аудиторияның тіл мәртебесі әр түрлі болуы мүмкін;
4) аудиториядағы орындардың саны 10-ға еселі және 30-дан кем, 120-дан артық емес;
5) отырғызатын орын саны бір партаға 2 адам есебі бойынша анықталуы;
6) бір лекте отырғызылатын орын саны 400-ден кем емес.
78. Аудиториялық қор туралы мәлімет «ЕНТӨП базасы» АЖО-сындағы «Аудиториялық қор» бөліміне енгізіледі.
13. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру
79. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) «Бітіруші» АЖО-сы ЕНТӨП-те орнатылады және ЕНТӨП спецификасы бойынша іске асырылады;
2) мектеп әкімшілігі мектептің техникалық хатшысын тағайындайды;
3) ЕНТӨП жетекшісі жергілікті білім басқармасымен бірлесе отырып, техникалық хатшыны ЕНТ технологиясы мен ережесі бойынша дайындайды;
4) ЕНТӨП жетекшісі техникалық хатшыға ЕНТ-ның нормативтік құқықтық актілерді, анықтамалық құжаттарды және бітірушілердің санына қарай өтініш бланкілері мен өтініштерді тіркеу журналын береді;
5) мектепте өтініш бланкілерін толтыру және бітірушілерді тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі;
6) техникалық хатшы толтырылған өтініш бланкілерін және бітірушілерді тіркеу журналын ЕНТӨП-ке жеткізеді;
7) ЕНТӨП-те бітірушілер туралы деректерді «Бітіруші» ДБ-ға енгізу мақсатында өтініш бланкілері арнайы оптикалық маркерлік сканер арқылы (бұдан әрі - сканер) өткізіледі. Өтініш бланкілері техникалық хатшының қатысуымен мектептер бойынша сканерден өткізіледі;
8) белгілі бір мектептің өтініш бланкілерін сканерден өткізу аяқталғаннан кейін, техникалық хатшыға өтініш бланкілерін сканерден өткізу есебі және бітірушілерді тіркеу туралы анықтама мен анықтамаларды тарату тізілімі беріледі. Бітірушілерге анықтама мектепте беріледі;

Похожие публикации:
29 январь 2019 Нұр Отан
13 январь 2019 Қамқоршылық кеңес
07 ноябрь 2018 Алиев Ануар Султан-улы