"16-Желтоқсан-Тәуелсіздік күні "
Средняя школа Арыстандынде 2018 жылы "16-Желтоқсан-Тәуелсіздік күні " мерекесіне орай өткізілген іс-шараларға
Мәлімет
Средняя школа Арыстандынде 2018 жылы "16-Желтоқсан-Тәуелсіздік күні " мерекесіне орай іс-шара жоспары жасалынып,бекіттірілді.Жоспарға сай іс-шаралар өз дейгейінде атқарылды.Мақсаты: Желтоқсан оқиғасының арқасында тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен құрбан болғандарын оқушыларға жете ұғындыру,оқушылардың дүниетанымын кеңейту. 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру.Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып,оның не себепті қамды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету.Өз отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,отаншылдыққа,елжандылыққа,еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. 10-15 желтоқсан аралығында барлық 1-11 сыныптарда Тәуеліздік күніне арналған ашық тәрбие сағаттары өткізілді.Мектеп кітапханашысы М.Абдуллаева мектеп кітапханасында "Желтоқсан тағылымы " атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 5-11сынып арасында "Желтоқсанның мұзда жанған алауы" атты қабырға газеттері шығарылып, 10 ,11 сынып оқушыларының шығарған қабырға газеттері үздік деп танылды. 12 желтоқсан күні қазақ тілі пәні мұғалімдері Б.Жұмабекова мен М.Несипбаеваның ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздік -тірегім,елім деп соғар жүрегім" тақырыбында эссе байқауы өткізіліп, 9 сынып оқушылары А.Жанмолда мен А.Түймебайдың, 10 сынып оқушысы А.Әмірдің эсселері үздік деп танылды.13 желтоқсан күні дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Б.Қалбаев пен Н.Айдаров 5-11 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіз елдің болашағы жастар "атты волейболдан жарыс өткізді.Жарысқа 4 команда қатысып,жеңген командаларға мақтау қағаздары берілді. 14 желтоқсан күні мектеп тәлімгері Б.Дәндібаевтың ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым" атты мерекелік концерт өткізілді. Концертке барлық оқушылар белсене ат салысты.Онда Тәуелсіздікке байланысты тақпақтар айтылып,би биленді.Сонымен қатар бейне баяндар қойылып,оқушылар желтоқсан оқиғасынан көріністер көрсетті.Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған іс-шараларға барлық мектеп мұғалімдері мен оқушылар белсене қатысты.












