Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Арыстанды орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72640) 3-00-10
Есепші бөлімі:
+7(72640) 3-00-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
май
2020

1-9 мамыр




Арыстанды орта мектебінің сынып жетекшілері 2020 жылдың 27-30 сәуір күндері «Бірлік пен келісім және Ұлы Жеңіске 75 жыл» толуына орай мектеп оқушыларына қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, WhatsApp желісі арқылы іс-шаралар өткізді.Өткізілген іс-шараға барлық 1-11 сынып оқушылары түгелдей қамтылды. «Қазақстан-татулық пен бірліктің мекені» атты сурет байқауында оқушылар өздерінің салған суреттерін WhatsApp желісі арқылы жіберіп отырды.Сонымен қатар «Бірлік пен келісім», «Бірлігіміз жарасқан», «Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс», «Ер есімі-ел есінде», «Ұлы Жеңіске 75 жыл» атты тақырыптарда бейне сынып сағаттары өткізілді.Мектеп оқушыларымен «1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні» және «Ұлы Жеңіске 75 жыл» мерекесіне,сонымен қатар «Қашықтықтан оқытуда ұстаздарға рахмет»- атты роликтер жасалды.