Арыстанды орта мектебінде "1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні" мерекесіне орай өткізілен іс-шараларға мәлімет
Арыстанды орта мектебінде "1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні" мерекесіне орай өткізілен іс-шараларға мәлімет
Мақсаты:Тәуелсіз еліміздің өткен тарихи кезеңдеріне, саяси өміріне деген ерекше көзқарас қалыптастыру.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентіне деген ерекше құрмет,сындарлы саясатына қолдау, болашақ бағытындағы ойларына деген жас ұрпақ өкілдерінің сүйіспеншілігі мен құрметін ояту.
Елімізде мерекеленген Тұңғыш Президент күніне орай 26-30.11.2018 ж аралығында Арыстанды орта мектебінде төмендегідей іс-шаралар жоспарланып өткізілді.
26қараша күні "Біз елбасымен біргеміз" атты баяндама оқылып салтанатты жиынның ашылуы болды.Жиын барысында ұстаздар мен оқушыларға іс-шараның өту барысы және негізгі мақсаты таныстырылды.
27 қараша күні Б.Түменбаеваның ұйымдастыруымен"Арманымды әуелеткен,армен қала-Астана" атты бастауыш сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді.Байқауға барлық оқушылар толықтай ат салысты.Онда оқушылар өздерінің Астана қаласына деген қызығушылықтарын сурет арқылы бейнеледі.Байқаудан суырылып алға шыққан оқушылар арнайы мақтау қағазымен марапатталды.
Апта бойы мектепкітапханашысы М.Абдуллаева"Елбасы қаламынан туған ойлар " тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.Онда елбасының суреттері,еңбектері, дәйексөздері қойылған.Сонымен қатар оқушылар өздеріне ұнағанкітаптармен танысып шықты.
28 қараша күні М.Несіпбаева,Б.Жұмабековалардың ұйымдастыруымен 7-10 сыныптар аралығында "Менің Президентім" тақырыбында шығарма байқауы өткізілді.Елбасына деген ұшқыр ойларын оқушылар шығармада ұтымды жеткізе білген. Ұшқыр ойымен ерекше шығарма жазған 9-сынып оқушысы Жанмолда Алмира мақтау қағазымен марапатталды.
27-28 қараша күндері 1-11 сыныптар арасында сынып жетекшілердің жетекшілігімен "Біз Елбасымен біргеміз" атты тақырыпқа байланысты сынып сағаттары өткізілді. 5-сынып жетекшісі Егембердиева Жанар өз сыныбымен"Президентпен бірге бақыттымыз", 9 сынып Несіпбаева Мақпал "Елімнің жүрегінен орын алған" тақырыптарында өткізілген сынып сағаттары ерекше әсер қалдырды. 29 қараша күні дене тәрбиесі пәні мұғалімдері Б.Қалбаев пен Н.Айдаров "Елбасы және ел спорты" тақырыбында спорттық жарыстар ұйымдастырды. Жарысқа барлық балалар белсене ат салысты.
30 қараша күні мектеп тәлімгері Б.Дәндібаевтың ұйымдастыруымен "Елімнің жүрегінен орын алған " атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Онда оқушылар патриоттық әндер орындап,өлеңдер оқылды.Елбасына деген өздерінің жүрекжарды өлеңдерін оқыды.