Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Арыстанды орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72640) 3-00-10
Есепші бөлімі:
+7(72640) 3-00-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2020

2018-2019 түлектері

2018-2019 оқу жылындағы Арыстанды орта мектебінің Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы
2018-2019 оқу жылындағы Арыстанды орта мектебінің бітіруші 11 сыныптын 6 оқушысынан 2 оқушы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді.Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында көптеген тест жұмыстары алынды, пәнді меңгертуде әр түрлі әдіс- тәсілдер қолданылынды. Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыратын жұмыстар, оқушылардың білім сапасының көтерілуіне септігін тигізетін жұмыстар жүргізілді. Пән мұғалімі ата-аналармен тұрақты байланыс жасап отырды.
Жыл ішінде мектеп әкімшілігі тарапынан пән мұғалімдеріне оқушыларды ҰБТ-ге дайындауды тиімді ұйымдастыруда үнемі әдістемелік көмек көрсетіліп отырды. Атап айтқанда, білім сапасы төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау жолдары, уақытты тиімді пайдалану, тест кітапшаларымен жұмыс жасау , оқушылардың қызығушылықтарын арттыру т.б мәселелері бойынша әрбір пән мұғаліміне түсініктеме беріліп отырды. Мектеп психологы тарапынан түрлі тақырыпта сауалнамалар алынды. Атап айтқанда, оқушылардың мінез-құлақтарын байқау мақсатында «Өзіңді таны»,«Өзін өзін бағалау» әдісі байынша психологиялық сауалнамалар алынды. Сонымен қатар, оқушылардың бойындағы үрейленуі мен сенімсіздікті болдырмау мақсатында аффирмациялық жаттығулар жүргізіліп отырды.
Жылдық жұмыс жоспарлары бойынша тиісінше пән мұғалімдері ай ішінде жоспарланған сабақ кестесі бойынша қосымша сабақтар жүргізіліп отырды. Пән мұғалімдері өз пәндері бойынша қосымша әдебиеттермен, әр тақырып бойынша тестер жинақтарымен, таблицалармен жұмыс жасау арқылы дайындықтың тиімді жолдарын пайдалану үшін біршама жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, пән мұғалімдері әрбір оқушының біліміне тексеру мониторингі жүргізіліп, диогностикалық кестелер жасады. Ай ішінде 4 рет апталық, 2 рет сынама тест алынды.
2019 жылдың маусым айының 23 күні Аудан орталығы Жанатас қаласындағы Абай орта мектебінің базасында білім беру орталығының ҰБТ-дан қорытынды сынама тест алынды. Тест нәтижесі төмендегідей:
Аты-жөні нұсқа Оқу сауаттылығы Матема тикалық сауаттылық Қаз. тарих Таңдау пәндері Жалпы ұпай
География Ағылшын математика физика
Қасымбек Айгерім 1346 20 11 5 20 7 63
Егетаев Қабылан 1365 18 11 19 25 26 99

Негізгі пәндер бойынша орташа балл:
1. Математикалық сауаттылық – 11 балл
2. Оқу сауаттылығы -19 балл
3. Қазақстан тарихы -12 балл
Таңдау пәндері бойынша орташа балл :
1. Физика-26 балл
2. Математика -25 балл
3. География-20 балл
4. Ағылшын -7 балл
Жалпы мектеп бойынша орташа балл :81 балл




Похожие публикации:

24 февраль 2019 Мекен жаймыз
24 февраль 2019 Әдістемелік кеңес