Жамбыл облысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің
"Арыстанды орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72640) 3-00-10
Есепші бөлімі:
+7(72640) 3-00-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Арыстанды орта мектебінің тарихы
01
сентябрь
2021

Арыстанды орта мектебінің тарихы

Мектептің құрылған жылы, орны


Арыстанды орта мектебі 1938 жылы Бастауыш мектеп, 1943 жылы 7 жылдық мектеп, 1957 жылы 8 жылдық «Октябрьдің 40 жылдық», 1986 жылы «Октябрьдің 40 жылдық» орта мектебі, 1993 жылы Арыстанды орта мектебі болып, ғимарат пайдалануға берілді. Жалпы  жобалық сыйымдылығы – 136 орын. Мектеп ғимараты  типтік емес, бейімделген және ыңғайластырылған. Мектеп  Сарысу ауданы, Арыстанды ауылында орналасқан. Мектепте  9 ақылы оқу  кабинеті жұмыс жасайды. Мектепте  7 интерактивті  тақта, 1  лингофонды-мультимедиалық  кабинет, 1 химия, 1 АӘТД, 1 тарих, 1 күрді тілі, 1 қазақ тілі, 2 бастауыш сынып кабинеттері бар. Мектепте 1  информатика  кабинетінде  32  компьютер  орналасқан. 1 компьютерге – 3  оқушыдан  келеді. 

Мектеп  қазақ тілінде  білім  береді. Мектепте  екі  ауысымда 106,   МАД  топтарында 6  оқушы дәріс алады.  Бірінші ауысымда  48 оқушы  білім алса,  екінші  ауысымда  64 оқушы  білім  алады.


Жалпы ғимарат туралы мәлімет


  Арыстанды орта мектебінде 9 оқу кабинеті бар. Қыркүйек айының басында барлық кабинеттерге рұқсат АКТ беріледі. 

         І қабатта кабинеттер саны – 4, ІІ қабатта кабинеттер саны – 5. Кабинеттер талапқа сай безендірілген. Мектепте қауіпсіздік шаралары сақталған, сонымен қатар кітапхана жұмыс жасайды.

       Мектепте химия, қазақ тілі, тарих, күрд тілі, информатика, 2 бастауыш сынып кабинеттеріне  интерактивті тақта ілінген. 

         2017 жылы мектепте спорт зал соғылып, пайдалануға берілді. Спорт залының жалпы ауданы – 216 м2 құрайды.

Похожие публикации:

24 февраль 2019 Мекен жаймыз
24 февраль 2019 Мектеп тарихы